10 сынып. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің күш сызықтары.

  • Сабақ түрі
  • Сабақ барысы
  • ІV. Есептер шығару.



  • Дата18.10.2017
    Размер4.58 Kb.


    10-сынып.

    Сабақ тақырыбы: §§8.3.8.4. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің күш сызықтары.

    1. Оқушыларға электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі, электр өрісінің күш сызықтары туралы түсінік беру.

    2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

    3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

    Сабақ түрі: аралас

    Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

    Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

    Сабақ барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі.

    ІІ. Оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру:

    1. Қандай заряд нүктелік заряд деп аталады?

    2. Кулон заңын тұжырымдаңдар.

    3. Кулон заңы қалай ашылды?

    4. Электр зарядының қандай бірліктермен өлшенеді?

    5. Ортаның диэлектрлік өтімділігінің физикалық мағынасы қандай?

    ІІІ. Жаңа сабақ.

    Алыстан әрекеттесу принципі: зарядталған бөлшектердің өзара әрекеттесуі бос кеңістік арқылы лезде іске асырылады.

    Жақыннан әрекет ету принципі: денеде зарядтардың болуы оны қоршаған кеңістіктің қасиетін өзгертеді, зарядтардың өзара әрекеттесуі олардың кеңістікте тудыратын электр өрісі арқылы іске асырылады.

    hello_html_6972d14c.gifhello_html_982b061.gifhello_html_a87eb33.gif- нүктелік заряд өрісінің кернеулігі

    Тыныштықтағы зарядтардың элеткр өрісін электростатикалық өріс деп атайды.

    Кернеуліктің өлшем бірлігі 1Н/Кл=1 В/м

    hello_html_m3bd45ce4.gif

    Суперпозиция принципі: зарядтар жүйесі тудыратын өрістің кернеулігі әрбір жеке зарядтар тудыратын өріс кернеуліктерінің векторлық қосындысына тең.

    hello_html_f79a780.gif

    Күш сызығы деп бағыты өріс нүктесіндегі керенуліктің бағытымен сәйкес келетін, осы нүктеге жүргізілген жанаманы айтады.2 0732 073

    2 0732 073




    Күш сызықтарының қасиеттері:

    1. Күш сызықтары үзіліссіз.

    2. Күш сызықтары еш жерде қиылыспайды.

    Кернеулік вектрорлары барлық нүктелерде бірдей электр өрісі біртекті өріс деп аталады.

    hello_html_40cd298.gif

    2 1042 104

    ІV. Есептер шығару.15-ж. №11. №12. №13.

    V. Бағалау.

    VІ. Үйге тапсырма:§§8.3.8.4. 15-жаттығу №14, №15.