Эссе по казахскому языку на тему "Ана"

  • Чтобы скачать материал, введите свой E-mail, укажите, кто Вы, и нажмите кнопку



  • Дата05.06.2018
    Размер6.72 Kb.


    Ана

    “Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
    Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
    Ана – тірек, тіректі құрметте,
    Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
    Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
    деп жырлағым келеді.
    Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
    Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
    Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.

    Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресі: анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса.

    Чтобы скачать материал, введите свой E-mail, укажите, кто Вы, и нажмите кнопку

    Нажимая кнопку, Вы соглашаетесь получать от нас E-mail-рассылку

    Если скачивание материала не началось, нажмите еще раз "Скачать материал".

    Скачивание материала начнется через 60 сек.
    А пока Вы ожидаете, предлагаем ознакомиться с курсами видеолекций для учителей от центра дополнительного образования "Профессионал-Р"
    (Лицензия на осуществление образовательной деятельности
    №3715 от 13.11.2013).
    Получить доступ
    • Другое