Поурочный план "Валенттілік бойынша есептер шығару"

  • Сабақтың түрі



  • Дата13.10.2017
    Размер3.34 Kb.


    8 А сынып   

    Сабақтың тақырыбы:  Элементтердің валенттілігі бойынша қосылыстардың формуласын құру

    Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға валенттілік бойынша формула құруды үйрету; Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; Тәрбиелік: оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

    Сабақтың түрі: аралас сабақ

    Сабақ барысы: 

    1. Мына қосылыстардағы: Н2О, НBr, PН3, Н2S, СН4 оттектің, бромның, фосфордың, күкірттің, көміртектің валенттіктерін тауып, формулаларды көшіріп жазып, осы элементтердің үстіне валенттіктерін көрсетіңдер.

    2. Төменде формулалары берілген қосылыстар: MgО, SО3, SiО2, Fe2О3, N2О5, Н2О құрамдарындағы оттекпен байланысып тұрған элементтердің валенттіктерін тауып, формулаларды элементтердің валенттіктері өсуіне қарай жазыңдар.

    3. Элементтің оттекті қосылысы оксид деп аталады. Құрамында валенттіктері көрсетілген элементтер болатын: А) фосфор (ІІІ), фосфор (V), кремний (ІV)

    Ә) натрий (І), күкірт (VІ), көміртек (ІІ) оксидтердің формулаларын жазыңдар.

    4. Берілген валенттіктері бойынша мына элементтердің: а) фосфор (ІІІ), ә) кремний (ІV), б) хлор (І), в) күкірт (ІІ) сутекті қосылыстарының формулаларын құрыңдар.

    5. Элементтердің келтірілген валенттіліктеріне сәйкес: а) алюминий (ІІІ), ә) кремний (ІV), б) хлор (VІІ), в) күкірт (VІ) оттекті қосылыстарының формулаларын құрыңдар.

    6. Берілген формулаларды көшіріп жазып, элементтердің валенттіктерін тауып, таңбаларының үстіне жазыңдар: As2S3, CrO3, Al2O3, FeCl3, CrBr3, Li2O, BaO.


    Үйге тапсырма беру: есептерді аяқтау