Презентация Музыка бейнелейді "Тепеңкок"

  • «Наридірген» халық күйі.
  • Білімділік
  • Тәрбиелік
  • Дамытушылық
  • Көрнекіліктер
  • Сабақтың түрі
  • Сабақтың әдіс - тәсілдері
  • Сабақтың барысы
  • Жаңа сабақ
  • «Наридірген» күйінің шығу тарихы



  • Дата05.10.2017
    Размер9.91 Kb.


    Сабақтың тақырыбы: Музыка бейнелейді.

    «Наридірген» халық күйі.


    Мақсаты: Оқушыларға халқымыздың аңыз күйлерін,олардың шығу тарихы жайлы мағлұмат бере отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру, сұрақ жауап арқылы алған білімдерін пысықтап,одан толықтыру, музыкалық есту,тыңдау,ырғақты сезіну қабілеттерін дамыта отырып, адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

    Білімділік:халымыздың күйшілік дәстүрін насихаттай отырып, музыкалық білімдерін толықтыру,ән айтуды үйрету,музыка тыңдау ережелерімен таныстыру, аңыз күйдің шығу тарихымен және домбыра аспабымен таныстыру;

    Тәрбиелік: халық күйлері мен ұлттық аспаптардың үнін тыңдау арқылы ұлттық музыка өнеріне деген қызығушылығын ояту, адамгершілікке, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу;
    Дамытушылық: музыкалық білімін тереңдету,музыкалық қабілетін дамыту, әнді әдемі сезіммен орындауға дағдыландыру, оз ойын әңгімелеп жеткізе білу дағдысын қалыптастыру;
    Көрнекіліктер: интерактивті тақта, үнтаспа,баян аспабы;
    Сабақтың түрі: аралас сабақ
    Сабақтың әдіс - тәсілдері: музыка тыңдау,ән айту, музыкалық сауаттылық, оқулықпен жұмыс, әңгімелеу,сұрақ-жауап т.б

    Сабақтың барысы:
    I.Ұйымдастыру: Музыкамен амандасу,оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын қадағалау;

    • Ән орындау: «Құлыншақ» Ө.Байділдаев

    • Өтілген тақырып бойынша сұрақтар,әңгімелеу;

    Жаңа сабақ: «Наридірген» халық күйі.

    «Наридірген» күйінің шығу тарихы

    Бейне көрініс тамашалау.

    Музыка тыңдау: «Наридірген» Сармалай.

    Музыкалық теориялық талдау жасау: мазмұны, көңіл күйі, кейіпкерлері, әуені;


    Музыка сауаты: күй, күйші,сыбызғы.

    Сыбызғы

    Қамыс, қурай, ағаштан,

    Түтікше боп ысылған.

    Үрлемелі,ойықты,

    Дыбысы нәзік сызылған.

    Сергіту сәті: «Көңілді музыкант»

    Домбырада мен ойнаймын: дың, дың, дың.

    Қозы-лақтар би билейді: дың, дың, дың.

    Енді ойнаймын мен қобызда: зың, зың, зың.

    Ботақандар би билейді: зың, зың, зың.

    Енді ойнаймын дауылпазда: дұң, дұң, дұң.

    Төлер састы, тұра қашты: дұң, дұң, дұң.

    Дауысқа жаттығу: үш дыбыстық.«Тауға шығамын,таудан түсемін». Биік,төмен дыбыстарды айту;

    Ән айту:«Ақтайлақ» Ә.Еспаев

    • Әнді орындап көрсету;

    • Әуенін аспаппен үйрету;

    • Қосылып хормен орындау;


    Ой қозғау:тайлақ деген не?

    Шығармашылық жұмыс: «Сыбызғы» аспабының суретін салу;

    Сабақты қорытындылау:пысықтау.

    Үйге тапсырма: «Ақтайлақ» әнінің сөзін жаттау, суретті аяқтау;