урок на тему "Б дыбысы мен әрпі"

  • Сабақтың көрнекілігі
  • Сабақтың мазмұны
  • ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
  • Сергіту сәті
  • ІІІ. Жаңа сабақ
  • Ү. Білімді бекіту.
  • ҮІ. Сабақты қортындылау
  • ҮІІІ.Үйге тапсырма.



  • Дата16.10.2017
    Размер4.59 Kb.


    Сауат ашу

    Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі.

    Сабақтың мақсаты: 1. Б дыбысы, әрпі мен таныстыру. Б дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету. Баспаша және жазбаша түрлерімен таныстыру . 2. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. 3. Шапшаңдыққа ,тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу.

    Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп , сабаққа қатысты суреттер, әріптің жазу үлгісі.

    Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

    Сабақтың мазмұны:

    І. Ұйымдастыру:

    - Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

    - Психолгиялық дайындық.

    Шырылдады қоңырау
    Біз сабақты бастаймыз.
    Партамызға отырып,
    Өзара көз тастаймыз.
    Жаңа білім алуға,
    Алға қадам жасаймыз

    ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

    а) - М дыбысы қандай дыбыс?

    - Қай текшеге жатқызамыз ?

    - Сөздің қай буынында жазылады?

    Сергіту сәті: Әтеш ерте оянды,

    Жан-жағына қарады,

    Шынықтырып денесін

    Қанаттарын қағады.

    ә) Дауыстап тізбектей оқу.

    б) Тақтаға сөздер жазғызу.

    ІІІ. Жаңа сабақ:

    а) – Балық, бақа сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасау. Б дауыссыз дыбыс екенін аңғарту.

    ә) - Әріп таңбасымен таныстыру. 3 рет дыбыстау . Баспа түрі - Бб

    Хормен оқыту.

    Сергіту сәті:

    Жазба түрі - Тақтамен жұмыс: Бала, баба, бата, бота, бор, бал.

    2.Сөйлем құрату.

    3.Буын құрамы: әртүрлі сөздерді оқи білуге жаттықтыру. Аман , нан, мал, қаймақ.

    Ү. Білімді бекіту.

    1.Өтілген әріптерді пысықтау: Аа,Тт, Пп, Нн, Ғғ, Рр, Лл, Шш, й, Ққ, Дд, Мм.

    Буындар: ма, та, па, ға, ра, ла, ша, қа, да, ма. ба.

    2. Дәптермен жұмыс: Б әрпін жазып жаттығу. Көшіріп жазуға үйрену.

    ҮІ. Сабақты қортындылау:

    • Б дыбысы қай буында жазылады?

    • Б қандай дыбыс?

    • «Шыншыр» ойыны. Бала – алма – алмұрт – тақта - ....

    ҮІІІ.Үйге тапсырма.