Видеоуроки "Отан отбасынан басталады"

  • Отан от басынан басталады.
  • Мақсаты
  • Білімділік
  • Тәрбиелік
  • Дамытушылық
  • Көрнекіліктер
  • Сабақтың түрі
  • Сабақтың әдіс - тәсілдері
  • Сабақтың барысы
  • Жаңа сабақ



  • Дата05.10.2017
    Размер9.09 Kb.




    Сабақтың тақырыбы: Отан от басынан басталады.

    «Бесік жыры» қазақтың халық әні

    Мақсаты: Оқушыларға халқымыздың ежелден келе жатқан тұрмыс-салт әндерін,олардың шығу тарихы жайлы мағлұмат бере отырып, ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттыру, сұрақ жауап арқылы алған білімдерін пысықтап,одан әрі толықтыру, музыкалық есту,тыңдау,ырғақты сезіну қабілеттерін дамыта отырып, адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

    Білімділік: халық әндерін насихаттай отырып, музыкалық білімдерін толықтыру,ән айтуды үйрету, әннің шығу тарихымен, музыка тыңдау ережелерімен таныстыру;

    Тәрбиелік: халық күйлері мен ұлттық аспаптардың үнін тыңдау және халық әндерін орындату арқылы ұлттық музыка өнеріне деген қызығушылығын ояту, адамгершілікке, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу;
    Дамытушылық: музыкалық білімін тереңдету,музыкалық қабілетін дамыту, әнді әдемі сезіммен орындауға дағдыландыру, оз ойын әңгімелеп жеткізе білу дағдысын қалыптастыру;
    Көрнекіліктер: суреттер, үнтаспа,баян аспабы;
    Сабақтың түрі: жаңа сабақ
    Сабақтың әдіс - тәсілдері: музыка тыңдау,ән айту, музыкалық сауаттылық, оқулықпен жұмыс, әңгімелеу,сұрақ-жауап т.б

    Сабақтың барысы:
    I.Ұйымдастыру: Музыкамен амандасу,оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын қадағалау;

    Жаңа сабақ: «Бесік жыры» халық күйі.

    Ой қозғау,сұрақ-жауап: «Бесік жыры» деген не? Қандай ән? Кім орындап бере алады?

    Шілдехана деген не?

    Сурет бойынша әңгіме құрау;

    Музыка тыңдау: «Бесік жыры» халық әні. (тыңдату)

    а). Дауысқа жаттығу жасату: «Ән шырқайық бәріміз», «Әдемі ән» т.б.

    ә). Әнді аспаптың сүйемелдеуімен орындату;


    Ән айту:«Көктем» А.Жайымов.

    Шығармашылық жұмыс: «Менің ауылым» (сурет салу)

    Музыка сауаты: Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары (қайталау).


    Сергіту сәті:«Қамажай-Бипыл» әндеріне музыкалық қимыл жасау;



    «Әуенді тап» ойыны

    Ал,балалар,балалар,

    Зейін қойып тыңдап ал.

    Қандай әуен естідің,

    Қане,кімдер таба алар?


    Сабақты қорытындылау:сұрақ жауап.

    Үйге тапсырма: «Көктем» әнінің сөзін жаттау, суретті аяқтау;